Абылай хан
Ыбырай Алтынсарин
Керей Қожаберген жырауға Абылай: «Мені мақтап жыр айтшы»,— деді. Қожаберген айтты:
— Абылай, сен, мен көргенде, тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің; Әбілмәмбет ағаңа қызметкер болған ұл едің; Үйсін Төле билердің түйесін баққан құл едің. Сен жиырмаға келгенде, ақ сұңқардай түледің. Алыстан тоят тіледің: ақтан болды күніңіз, арсы менен күрсіге дау таласты үніңіз, енді сіздің бұл күнде, бір көшеге сыймайды азаткерде құлыңыз.