Ананың сүюі

Ыбырай Алтынсарин

* * *


Кім сендерді балалар, сүйе-тұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелеп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сендерді сағынар келгеніңше,
Құлындарын көзбен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас ер өле-өлгенше.