Шығыс ақындарынша
Абай Құнанбайұлы
Иүзи – рәушан[1], көзі – гәуһар[2],
Ләғилдек[3] бет үші әхмәр[4].
Тамағи қардан әм биһтар[5],
Қашың құдрет[6], қоли шигә[7].
Өзәң гүзәлләра рәһбар[8],
Сәңә ғишық болып кәмтар,
Сүләйман, Ямшид, Искандәр,
Ала алмас барша мүлкигә.
Мүбәда[9] олса ол бір кәз,
Тамаша қылса йузмә-йуз.
Кетіп қуат, йұмылып көз,
Бойың сал-сал бола нигә?
Ескертпелер
edit- ↑ Рәушан, рушан (парсыша) – жарық, айқын, әдемілік.
- ↑ Гәуһар, жауһар (парсыша) – асыл тас.
- ↑ Лағыл (арабша) – асыл қызыл тас. Лағылдек – лағылдай.
- ↑ Әхмар (арабша) – қызыл.
- ↑ Биһтар (парсыша) – бетер, жақсырақ. Бұл жерде қардан да ақ деген мағынада.
- ↑ Құдрет (арабша) – күш. Бұл жерде ерекше жаратылған деген мағынада.
- ↑ Шигә (парсыша) – әдемі, сұлу.
- ↑ Рәһбар (парсыша) – жол сілтеуші, бастаушы. Бұл жерде әдемілікке бастаушысың деген мағынада.
- ↑ Мүбәда (арабша) – егер де бола қалса деген мағынада.